«Мектебімізде 22-қыркүйек күні мектеп психологтары "Егер қиын болса, қоңырау шал" ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: кәмелеттік жасқа толмағандар арасында психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру, психологиялық көмекке жүгіну мәдениетін қалыптастыру.»
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeId64332be2ce
«2025 - 2026 оқу жылының 16 - қыркүйек күні мектеп психологтары 8 сынып оқушыларымен "Жақсы мінез сарқылмас байлық" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың қоршаған ортада мәдениетті болуға, өзін ортада ұстауы, болашақта бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Оқушылармен "Өзін - өзі бағалау", "Мен мінсізбін" тренинг жаттығулары жүргізілді. Әр жаттығу соңында оқушылармен кері байланыс жасай отырып, жаттығудан алған әсерлерімен бөлісті.»
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeIdaf580a52c5
«2025-2026 оқу жылының 5-қыркүйек күні «Бірінші сыныптың ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізілді. Алдымен ата-аналармен танысысу сәті болды. Ата-аналармен «Сіз-ең керемет ата-анасыз», «Құбыр» жаттығулары жүргізілді. Сонымен қатар гүл шоғына жасырын жазылған сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Ата-аналармен кері байланыс жасай отырып, бүгінгі тренинг жаттығуларынан алған әсерлерімен бөлісті.»
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeId86c643479c
«2025-2026 оқу жылының 2-қыркүйек күні бірінші сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделу кезеңде психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында оқушылармен тренинг өткізілді. «Танысу» жаттығуы жүргізіліп, балалар өздерінің аттары және қасиеттерін айта отырып танысты.Тренинг соңында балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Сергіту» жаттығулары өткізілді.»
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Психолог жоспары 2024 - 2025 |
«Мектеп бітіруші түлектермен тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың сенімділігін көтеру, қорқыныш, қобалжу сезімдерін жеңу. Оқушыларға өмірде кездесетін қиыңдықтарды сабырмен шешу жолдарын жағдаяттармен мысал келтіре отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және кеңестер берілді. Оқушылардың алға қойған мақсаттары көп, өмірге деген қызығушылықтары, мамандық таңдаудағы армандары, ата-ана үмітін ақтау сияқты ойларымен бөлісті.Оқушылармен «Қоқыс жәшігі», «Ойды жинақтау», «Өмір дөңгелегі» тренинг жаттығулары жүргізілді. Тренинг «Шырақ» жаттығуы арқылы оқушылар бір-біріне тілектерін білдірумен аяқталды.»
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeIdff13bb9cbd
«9 сынып оқушыларымен "Өмір қымбат сый" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру, балалардың өмірге деген құштарлығын, ояту. Оқушылармен тренинг жаттығулары жүргізілді. Интерактивті тақтаға алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, пікір алмасты.»
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeIde25724f373
"Бақытты болған қандай жақсы" тақырыбында психологиялық онкүндікте 7 сынып оқушыларымен мектеп психологы "Мен өмірге қажетпін..." тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету. Тренинг барысында жаттығулар, топтық жұмыстар жүргізілді және аңыз әңгімелер оқылып, талданды.
"Бақытты болған қандай жақсы" тақырыбында психологиялық онкүндікте оқушылар өздерінің армандарын, бір-біріне жақсы тілектерін білдіру мақсатында "Тілек ағашы" акциясы, 4 сынып оқушыларымен психологиялық ойындар өткізілді. Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істеу қабілетін арттыру
"Бақытты болған қандай жақсы"- тақырыбында психологиялық онкүндікте 1-сынып, 8-сынып оқушыларымен психологиялық ойындар өткізілді. " Құм терапиясымен" 1- сынып оқушыларымен жфұмыс жүргізілді. Мақсаты: ұсақ қол маторикасын, танымдық процестерін дамыту.
"Бақытты болған қандай жақсы" тақырыбында психологиялық онкүндікте 6 сынып оқушыларымен эмоциялық ахуалды түзету,мінез-құлықты реттеу мақсатында "Мандала" терапиясы өткізілді. 2 сынып оқушыларымен "Ермексазбен" жұмыс жүргізілді. Мақсаты: баланың қиялын, елестетуін және ұсақ моторикасын дамыту.
«Мектебімізде 9 сынып оқушыларымен "Зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" тақырыбында мектеп психологы тренинг өткізді. Мақсаты: балалардың Адам құқықтары туралы білімдерін кеңейту, өздерін қорғай білуге үйрету. Тренинг барысында топқа бөлініп жұмыс жүргізілді, тақырып аясында постер, жағдаяттар шешілді, қорытынды бөлімінде оқушылар өз ойларын ортаға салды, пікірлерімен бөлісті.»
«Буллингтің алдын алу бойынша 11 сынып оқушыларымен "Өмірдің мәні" тақырыбында мектеп психологы тренинг өткізді. Мақсаты:адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа,достыққа, сыйластыққа үйрету. Тренинг барысында " Шекара", "Маған не ұнамайды" жаттығулары жүргізілді. Оқушылар тренинг соңында өздерінің пікірлерімен бөлісті.»
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeId4c41105666
Желтоқсанның 25 күні мектебіміздің педагог- психологы Куликова Сауле Кенесбаевна жас мамандармен "Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру,жігерлендіріп көңіл-күйлерін көтеру. Тренинг барысында "Мұғалім болу...", "Сұрақ меннен,жауап сізден" жаттығулары жүргізілді. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық кеңестер берілді.
25 желтоқсанда мектебімізде психологтар күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды."Сенім телефоны" акциясы өткізілді. Мақсаты: бала денсаулығын сақтау, ішкі жан дүниесімен бөлісуге үйрету. "Жақсы көңіл-күймен амандасу", "Шаттық шеңбері", "Жақсы тілек білдіру" тренинг жаттығулары жүргізіліп, "Сырт келбетінің әдемілігі" фото көрме ұйымдастырылды.
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeId5ed8289f06
«29 қыркүйек күні Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектебімізде 8-11 сынып оқушылары аралығында "BF line" психологиялық қолдау қызметі жобасы бойынша " Үрейдің жасөспірімдердің психологиялық әл- ауқатына әсері.Үрейді түзету әдісі" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: жас ұрпақтың психологиялық көмекке жүгіну мәдениетінің деңгейін арттыру. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын нығайту. Күресу стратегияларына арналған жаттығу түрлерімен таныстырылып, бірге жасалды.»
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeId8485e4c523
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Психолог жоспары | ![]() |
«Қыркүйектің 14-15 күндері Б.Майлин атындағы 3 жалпы білім беретін мектебінде " Егер қиын болса - қоңырау шал" акциясы жүргізілуде. Акцияның мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар мен олардың ата-аналарына облыстық психологиялық орталығы барын хабардар ету. Оқушыларға сенім телефоны парақшалар таратылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.»
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeId0bcb3f1bce
2023-2024 оқу жылының қыркүйек айында Б.Майлин атындағы 3 жалпы білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушылар аралығында "Егер қиын болса - қоңырау шал" акциясы жүргізілді. Акцияның мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар мен олардың ата-аналарына облыстық психологиялық орталығы барын хабардар ету. Оқушыларға сенім телефоны парақшалар таратылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп психологтары "Құм терапиясы" әдістемесімен жұмыс жүргізуде. Даярлық тобының тәрбиеленушілерімен құмнан сурет салу тапсырмасы берілді. Мақсаты: құм терапиясында қиял, көрнекі-бейгелік ойлауды,сөздік-логикалық ойлауды,шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeId8cdd35f8d9
Б.Майлин атындағы 3 жалпы білім беретін мектебінде " Бар әлем біз - үшін!" тақырыбында 11-15 сәуір күндері аралығында психологиялық апталық өткізілуде. Мақсаты: психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру,оқушылардың шығармашылығын,белсенділігін арттыру. 11- сәуір күні апталықтың ашылу салтанатында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды, оқушылар белсенді түрде өз ойларын ортаға салды. Баланың шапшаңдығын, зейінін қалыптастыру мақсатында " Аяқ- қол" би терапиясы және флешмоб өткізілді. Соңында 4 сынып оқушысы Жұбаныш Рахман "Мен қазақпын" өлеңімен өнер көрсетті.
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeIdbdf5ec2794
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeId21aafbdfca
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/psikholog-2.html#sigFreeId45e89ee85f













