Атауы Жүктеу
1 Бұйрық ішкі тәртіп ережесі-2022 
2 №3 ОМ 2022-24 жылдық өзіндік талдау
3 Бұйрық ішкі тәртіп ережесі-2023-24
4 Пед. кеңес жоспары
5 №3 ЖББМ Әдіст жұмыс туралы өзіндік есеп- 2022-2023 ж
6 Мектепішілік бақылау титул
7 ОШ№3 МІБ жоспары
8 №3 ОМ 2023-24 жылдық өзіндік талдау дұрысы
9 №3 ЖББМ Әдіст жұмыс туралы өзіндік есеп 2023 - 2024 жыл
10 Бұйрық ішкі тәртіп ережесі-2024-25
11 ОШ№3 МІБ жоспары 2024-2025ож
12 Терроризм жаднама
13 ДЖ кеңес жоспары 2024 - 2025
14 Пед кеңес жоспары 2024 - 2025
15 Педагогикалық кеңес хаттамасы №1 2024 - 2025 оқу жылы
16 Педагогикалық кеңес хаттамасы №2 2024 - 2025 оқу жылы
17 Пед кеңес хаттамасы №3 2024 - 2025 оқу жылы
18 Пед кеңес хаттамасы №4 2024 - 2025 о.ж.
19 Пед кеңес хаттамасы №5 2024 - 2025 о.ж
20 Пед кеңес хаттамасы №6 2024 - 2025 оқу жылы
21 Пед кеңес хаттамасы №7 2024 - 2025 оқу жылы
22 Пед кеңес хаттамасы №8 2025 - 2026 оқу жылы
23 Әдістемелік жұмыс жоспар 2025 - 2026 оқу жылы

«Бекітемін»

Мектеп директоры:                  Н.Ахатов


«Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларының Кодексі мектептің қамқоршылық кеңесіұйымы  мүшелері және
«Жасұлан» ұйымы мүшелерімен келісілген түрде бекітілді

І. Жалпы ереже
1.1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ«Неке және отбасы» Заңы, 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 «Бала құқығы туралы» Заңы, «Бала құқығы туралы Конвенциясына сәйкес жасалды.
1.2. Кодекс мақсаты: мектеп қабырғасында қолайлы ортада сапалы білім алуына мүмкіндік беретін оқушылардың бірыңғай ережелері мен міндеттерін  енгізу.
ІІ. Оқушылардың құқығы
Оқушылардың құқығы бар:
2.1. Cапалы білім алуға;
2.2. өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне;
2.3. оқу сабақтарының арасында демалу үшін үзіліс алуға;
2.4. бақылау жұмыстары мерзімі мен олардың көлемі туралы уақытылы ақпарат алуға;
2.5. білім алуға мұғалім тарапынан қосымша көмек;
2.6. өзіндік тілегі бойынша пәнді игеруде қиындық туындаған сәтте, денсаулығына байланысты сабақтарға қатыспаған немесе өздігінен материалды игере алмаған жағдайда;
2.7. білім саласында және мектептегі оқытуда қажетті және қолжетімді ақпараттар алуға;
2.8. мектептің кітапханалық қорын ақысыз пайдалануға;
2.9. оқу пәндері бойынша тек қана өз білімі мен дағдыларының сәйкестігін бағалауға;
2.10. оқудағы ғылыми және шығармашылық әрекетіндегі жетістігі үшін марапатталу және сыйақы алуға;
2.11. сыныптың және мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін марапатталуға;
2.12. қоғамдық және азаматтық ықылас көрсетуге;
2.13. өзінің абыройын сыйлауға, әр түрлі дене және психикалық зорлық-зомбылық, жеке тұлға ретінде  жәбірленудің әр түрлі формаларынан сақтануға;
2.14. өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес кез келген қоғамдық тапсырмаларды өз ықыласымен таңдауға;
2.15. білім бағдарламасында қарастырылмаған еңбекке өз еркімен тартылуға;
2.16. өз пікірін еркін айтуға;
2.17. мектепті басқаруға қатысуға –мектепті басқару органдарына сайлауға
және сайлануға қатысуға;
2.18. мектептің дамуына мүмкіндік беретін шығармашылық идеялар мен
креативті ұсыныстар енгізуге.

ІІІ. Оқушылардың міндеттері
Оқушылардың міндетті:
3.1. Мектеп Жарғысы, мектептің ішкі тәртібін және осы оқушы Кодексі талаптарын білу және сақтауға;
3.2. Отанға лайықты қызмет етуге өзін-өзі дайындауға;
3.3. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Жалауы мен Әнұраны, мектебінің символикасын білуге және сыйлауға;
3.4. Сапалы білім алуға, өзінің білім, білік, дағдыларын кеңейтуге,сабақтарға жүйелі түрде дайындалуға;
3.5. Мектептің жұмыс режимін қатаң сақтауға, сабақ кестесіне сай сабақтарға қатысуға, қандай да бір себептер болмаса сабақтан кешікпеуге;
3.6. Мектеп абыройын сақтауға, дәстүрлері мен имиджін қолдауға;
3.7. Мұғалім еңбегін бағалауға;
3.8. Мектеп қызметкерлері, мұғалімдер мен басқа да оқушылардың абыройы мен ар-намысын сыйлауға;
3.9. Өзінің және басқа оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға,мектептің техникалық қауіпсіздігін және мектеп пен жеке гигиеналық талаптарды сақтауға;
3.10. Мектеп формасын міндетті түрде киюге, біріңғай мектеп формасының үлгісін сақтауға міндетті. Қазақстан республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығының 13 тармағына (04.04.2016 № 248) сәйкес

  1. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтынын ескертеміз.
    3.11. Дене тәрбиесі сабағына спорттық үлгідегі киім киюге міндетті. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
    3.12. Өзінің сыртқы келбетін тазалықта және ұқыптылықта ұстауға;
    3.13. Мектеп ішінде ауыстыратын аяқ киім; дене шынықтыру сабағына спорт киімнің болуы;
    3.14. Мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға, оның сақталуын қадағалауға;
    3.15. Мектептен тыс жерлерде өзін лайықты ұстауға, айтар сөздерін бақылауға, ұрсу және қоғамға жат лексиканы қолданбауға;
    3.16. Мұғалімдердің ескертулерін дұрыс қабылдап және сынға оң әрекет етуге;
    3.17. Оқушы мектепке сабақ басталмай тұрып алдын ала таза, ұқыпты
    қалыпта келіп, гардеробта сыртқы киімін шешіп, аяқ киімін ауыстырып, болатын сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындауға міндетті.
    3.18. Сабаққа үш күн қатыспағанда, сынып жетекшісіне емханадан денсаулығына байланысты анықтама немесе ата-анасының (ата-анасының құқығын орындаушы, қамқоршысы және т.б.) өтініші тапсырылуы қажет;

ІV. Оқушыларға тыйым салынады:
4.1. Cебепсіз сабақтан қалуға;
4.2. Cабаққа, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларға кешігуге;
4.3. Cабақта, мектеп қабырғасында, сабақтан тыс дайындықтарда, шараларда, тәртіп бұзуға;
4.4. Білім үдерісіне қатысушыларға, оқушыларға тіл тигізуге, абыройы мен ар-намысына тиюге;
4.5. Сабақ барысында мұғалімнің рұқсатынсыз ұялы телефон қолдануға;
4.6. Мектепке жарылыс пен өрт қаупін тудыратын кез келген заттар мен құралдарды әкелуге: жарғыш, өрт тудыратын заттар, қару, уландырғыш және улызаттарды, пиротехникаларды, газдық баллондар, үшкір, кесетінқұралдарды, пышақ т.б. нәрселерді әкелуге;
4.7. Шамадан тыс косметика қолдану және мектепте зергерлік бұйымдарды кию;
4.8. Қандай бір мақсатпен және қандай да бір тәсілмен қару қолдануға  (сонымен қатар жарылғыш, өрт тудыратын заттар, алкогольді сусындар,ымдар, есірткі заттарын) мектеп ерриториясына алып кіруге;
4.9. Мектепте сағыз шайнауға;
4.10. Сабақтарда плеерлер мен мобильді байланыс қолдануға;
4.11. Қоғамға жат қимылдар мен тіркестерді қолдануға;
4.12. Мектеп формасын сақтамауға
4.13. Техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
4.14. Мектепке алкогольді және есірткі заттарды әкелуге және қолдануға;
4.15. Мектеп мүліктерін бүлдіруге және сындыруға, мектеп қызметкерлері
мен басқа да оқушылардың жеке мүліктеріне зиян келтіруге;
4.16. Қарым-қатынаста болған кикілжіңдерді шешуге, қорқыту мен тартып алу мақсатында қандай да бір әр түрлі формадағы күш және қысым көрсетуге;
4.17. Қоршаған адамдарға қандай да бір қауіп тудыратын әрекет жасауға;
4.18. Білім беру ұйымдарына кремді кондитерлі заттар әкелуге тыйым салынады (16.08.17 жылғы Денсаулық сақтау Министрлігінің №611 бұйрығы).

4.19. "Комендант сағаты" уақытында көшеде жүруге тиым салынады. "Комендант сағаты" – балалар ересектерсіз көшеде жүруіне болмайтын уақыт түнгі сағат 22:00 басталып, тағы сағат 6:00 аяқталады. Бұл уақыт аралығында кәмелетке толмағандарға ересектерсіз үйден шығуға заң
жүзінде тиым салынады.

  1. Кодекс ережелерін бұзған жағдайда оқушылардың жауапкершілігі
    Барлық оқушылар Кодекс ережелерімен толық танысуы тиіс және барлық нормалар мен ережелерді мүлтіксіз орындауға тиісті. Кодекс ережелерін бұзған оқушылар тәртібі мектеп белсенділері отырысында, педагогикалық консилиумдерде немесе қамқоршылар кеңесінде, қажет болғанда, құқық қорғау органдарында қаралады.
    Мектеп белсенділері кеңесінің қарастыратын мәселелері ІІ бөлімде аталған барлық тармақтар бұзылса
    4.1. Cебепсіз сабақтан қалса;
    4.2. Cабаққа, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларға кешіксе;
    4.3. Cабақта, мектеп қабырғасында, сабақтан тыс дайындықтарда, шараларда, тәртіп бұзса;
    4.4. Білім үдерісіне қатысушыларға, оқушыларға тіл тигізуге, абыройы мен ар-намысына тисе;
    4.5. Сабақ барысында мұғалімнің рұқсатынсыз ұялы телефон қолдануға;

4.6.Мектепке жарылыс пен өрт қаупін тудыратын кез келген заттар мен құралдарды әкелуге: жарғыш, өрт тудыратын заттар, қару, уландырғыш және улызаттарды, пиротехникаларды, газдық баллондар, үшкір, кесетін құралдарды, пышақ т.б. нәрселерді әкелуге;
4.7.Шамадан тыс косметика қолдану және мектепте зергерлік бұйымдарды кисе;

4.8.Қандай бір мақсатпен және қандай да бір тәсілмен қару қолдануға (сонымен қатар жарылғыш, өрт тудыратын заттар, алкогольді сусындар, шылымдар, есірткі заттарын) мектеп территориясына алып кіруге;
4.9.Мектепте сағыз шайнаса;
4.10.Сабақтарда плеерлер мен мобильді байланыс қолданса;
4.11.Қоғамға жат қимылдар мен тіркестерді қолданса;
4.12.Мектеп формасын сақтамаса
Егер, оқушы мектеп белсенділері кеңесінің шығарған шешімін орындамаса немесе келіспесе кеңес мүшелерінің шешімімен әкімшілік кеңесіне қаралуға жіберіледі. Мектеп әкімшілігі деңгейінде қаралатын мәселелер 2 бөлімде аталған барлық тармақтар бұзылса
4.14.Мектепке алкогольді және есірткі заттарды әкелуге және қолдануға;
4.15.Мектеп мүліктерін бүлдіруге және сындыруға, мектеп қызметкерлері мен  басқа да оқушылардың жеке мүліктеріне зиян келтіруге;
4.16.Қарым-қатынаста болған кикілжіңдерді шешуге, қорқыту мен тартып алу мақсатында қандай да бір әр түрлі формадағы күш және қысым көрсетуге;
4.17.Қоршаған адамдарға қандай да бір қауіп тудыратын әрекет жасауға;
4.18.Білім беру ұйымдарына кремді кондитерлі заттар әкелуге тыйым салынады (16.08.17 жылғы Денсаулық сақтау Министрлігінің № 611 бұйрығы).

4.19 "Комендант сағаты"уақытында көшеде жүруге тиым салынады. "Комендант сағаты" – балалар ересектерсіз көшеде жүруіне болмайтын уақыт түнгі сағат 22:00 басталып, тағы сағат 6:00 аяқталады. Бұл уақыт аралығында кәмелетке толмағандарға ересектерсіз үйден шығуға заң жүзінде тиым  салынады..
VI. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

«Бекітемін»

Мектеп директоры:                  Н.Ахатов

 

«Арқалық қаласы білі бөлімінің Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ ата-аналарының Кодексі мектептің қамқоршылық кеңесі ұйымы
мүшелерімен келісілген түрде бекітілді

 

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ АТА-АНАЛАР КОДЕКСІ
Білім беру мекемесінің ата-аналар кодексі ата-ананың кәмелетке толмаған оқушы баланың заңды тұлғасы ретінде оның тәртібінің қалыптасуына, оқу процесі мен оқытушыларға, мектеп әкімшілігіне құрметпен қарауына және білім беру мекемесінде ыңғайлы және қауіпсіз жағдайдың орнауына ықпал етуі тиіс.
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Білім беру мекемесінің ата-аналар Кодексі (бұдан әрі –Кодекс) Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет», 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке және отбасы туралы», 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 «Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы» Заңдарына сәйкес жасалды.
1.2. Кодекстің мақсаты: ата-аналар үшін бірыңғай ережелер мен міндеттерді енгізу
ІІ. АТА-АНАЛАР ҚҰҚЫЛЫ:
2.1.Балалардың негізгі орта білім алғанға дейін жалпы білім беру мекемесін және оқу формасын таңдауға;
2.2.Білім беру мекемесінің Жарғысымен және білім беру қызметін реттейтін басқа да ұжаттармен танысуға;
2.3. Мектеп басқару ісіне қатысуға, атап айтқанда, Қамқорлық кеңесін сайлауға және сайлануға, (жалпы мектеп ата-аналар комитеті) сыныптың және жалпы мектеп ата-аналар жиналысына қатысуға және пікір айтуға;
2.4.Ата-аналар жиналысы, Қамқоршылық кеңесі және ата-аналар қоғамдастығының білім беру мекемесінің әкімшілігімен кездесуі жөнінде уақытылы хабардар болуға;
2.5.Білім берудің мазмұнымен, қолданыстағы оқу және тәрбие әдістемелігімен, тәрбие жұмыстарын оқыту технологияларымен және баласының оқу үлгерімі бағаларымен танысуға;
2.6.Білім беру мекемесінің аттестаттау қорытындысы бойынша үйде оқытылатын баланы мектепке оқуға ауыстыруға;
2.7.Оқушылар арасындағы, оқытушылар мен оқушылар, оқытушылар мен ата-аналар арасындағы келіспеушілік жағдайларды шешу үшін мектеп әкімшілігіне шағымдануға;

2.8.Зайырлы құндылықтар негізінде балаларды адамгершілік және қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеуді қамтамасыз етуге;
2.9.Ата-аналар жиналысына қатысуға, сонымен қатар баласымен бірге тұрмаған жағдайда, егер заңға қайшы келмесе және балаға (дене бітімі,моральдық, психологиялық жағынан) зиян келтірмесе, ол туралы ақпарат алуға;
2.10.Баласының үлгерімі және тәртібі жөнінде мәселе туындаған жағдайда, жағдайды талқылау үшін Педагогикалық кеңес отырысына кеңес беру құқығынсыз қатысуға;
2.11.Бала құқықтарының орындалуына талап қоюға;
2.12.Негіз болған жағдайда, керек деп санаса, алдын-ала келісім бойынша мұғаліммен кездесуге (сабақтан кейін);
2.13.Ата-аналар жиналыстарында, Қамқоршылық кеңесінің отырыстарында, сонымен қатар білім беру мекемесі директорымен кездесу кезінде білім беру мекемесіне ескертулер мен ұсыныстар жасауға;
2.14.Оқушыларды тексерудің жоспарлы түрлері (психологиялық,психология-педагогикалық, медициналық) туралы ақпараттарды алуға, осындай тексерулерді өткізуге келісім беруге немесе қатысуға, тексерулерді өткізуден немесе қатысудан бас тартуға, өткізілген тексерулердің
қорытындысы жөнінде ақпарат алуға;
2.15.Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жекеленген санаттағы оқушылар мен тәрбиеленушілерге берілетін қосымша жеңілдіктермен уақытылы материалдық көмек көрсетілуіне ықпал етуге;
2.16.Балаларды психомедициналық-педагогикалық комиссияның тексеруіне, тексеру нәтижелері бойынша алынған тексеру қорытындысын және ұсынымдарын талқылауға қатысу барысында балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін ұсынылған шарттарға қатысты пікірлерін
айтуға;
2.17.Білім беру мекемесін басқаруға қатысуға (Қамқоршылық кеңесі).
3. АТА-АНАЛАР МІНДЕТТІ:
3.1.Балаларының дене бітімі және психологиялық денсаулығына, адамгершілік жағынан дамуына зиян келтірмей, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, кемсітушілікке, дөрекі, қатыгез, адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынасты қоспай, балаларды тәрбиелеуге;
3.2.Баланың дене бітімі, адамгершілік және интеллектуалдық дамуының негізін қалыптастыруға;
3.3. Баламен тең қарым-қатынаста болуға;
3.4. Баланың пікірін ескере отырып, оны бағыттауға, оған кеңес беруге;

3.5.Балалардың негізгі жалпы білім алуын қамтамасыз етуге және олардың жалпы білім беру мектебі немесе оған мәртебесі бойынша  теңестірілген басқа білім беру мекемесінде жалпы орта (толық) білім алуына ыңғайлы жағдай жасалуын қамтамасыз етуге;
3.6.Білім беру мекемесінің Жарғысын, ішкі тәртібін орындауға;
3.7.Сипаты бойынша педагогтың кәсіби міндеттеріне кірмейтін мәселелер бойынша мұғалімнің жұмысына негізсіз араласуына жол бермеуге;
3.8.Қазақстан Республикасы заңының «Неке және отбасы» туралы 70-бабына сәйкес ата-аналары баласының денсаулығына, тәрбиесіне, көңіл бөлу керек, қамқорлық жасауына физикалық, психикалық рухани адамгершілік жағынан дамуына жауапкершілікпен қарауына жағдай жасалуына;
3.9.Баланың дұрыс қалыптасуына қаржылық мүмкіншілігіне қарай жағдай жасауға;
3.10.Баланы оқу құралдарымен қамтамсыз ету, үйде баланың өміріне, дамуына, демалуына мүмкіншілік жасауға, оқу тапсырмаларын орындауына көмектесуге, мектеп киімін және заттарын түгендеп, мектепке шығарып салуға;
3.11.Сынып жетекшісінің немесе білім беру мекемесі әкімшілігінің шақыруымен ата-аналар жиналысына, профилактикалық кеңеске, педагогикалық консилиумға қатысуға;
3.12.Баланың денсаулығына қарай өз қалауымен сыныптан немесе  мектептен тыс шараларға қатысуына рұқсат етуге;
3.13.Баланың денсаулығына байланысты созылмалы сырқаты бар екендігін, мүгедектігін, басқа да түрлі жарыстарға, жанұя жағдайына байланысты іссапарға немесе сырқаттанып мектепке келмейтіндігі туралы мектеп әкімшілігіне хабардар етуге және қалу себебін растайтын тиісті
құжат түрін әкелуге ;
3.14.Дәрігердің, мұғалімдердің, полиция қызметкерлерінің, педагогикалық кеңестің, психолог-дәрігерлер комиссиясының, кәмелетке толмаған жасөспірімдер комиссиясының балаға қатысты талаптарын орындауға;
3.15.Мектеп қызметкерлерінің кәсібіне, қызметіне құрметпен қарап, мұғалімдермен тығыз байланыста болып, балаға біржақты (бірдей) талап қоя білуге;
3.16.Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы қозғалыс» туралы заңының 23-бабына сәйкес жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ата-аналардан ақшалай қаржы жинауға тыйым салынатындығы туралы заңды орындауға ;
3.17. Баланы сабақ басталардан 15 минут бұрын кешіктірмей алып келуге;

3.18. Мектептің абыройын түсірмей дәстүрін сыйлауға;
3.19.Бала мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда орнын толтыруға, жөнделетін жағдайда жөндеуге;
3.20. Баланың сабаққа қажетті емес, әсіресе, жарылғыш, өткір, үшкір (адам өміріне қауіп төндіретін) заттардың, психотропты (ішімдік, темекі, нашақорлыққа байланысты т.б.) заттарды әкелмеуін қадағалауға;

3.21.Баланың күнделігін, электронды күнделігін аптасына бір рет қарап, қол қоюға;
3.22. Баланың қауіпсіздігі мақсатында жолда жүру ережесін үнемі сақтауын, түрлі апаттардың алдын алу мақсатында сақтық шаралары мен ережесін балаға түсіндіруге міндетті;
3.23. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен және мектептің басқа да қызметкерлерімен дауыс көтеріп сөйлеспеуге , ар-намысына тиетін сөздер айтпауға және дөрекілік танытпауға;
3.24. Балаға мектепке бағалы зат (қымбат ұялы телефон, әшекей бұйымдар т.б.) бермеуге міндетті. Мектеп әкімшілігі жоғалған затқа жауап бермейді.
IV. БАЙЛАНЫС
Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінде  мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс әртүрлі құралдар арқылы жүзеге асады:
4.1.Телефон – ең көп таралған байланыс құралы. Ата-ана өз баласына қатысты мәселелер бойынша сынып жетекшімен хабарласа алады. Хабарласуүшін мектеп телефондарын пайдалана алады;
4.2.Ата-аналар жиналысы-әр тоқсан сайын мектеп ата-аналар жиналысын өткізеді. Ол жерде сынып жетекшісі және ата-аналар сыныпқа байланысты жалпы және сыныптан тыс іс-шаралар туралы кез келген мәселені талқылайды;
4.3.Ата-аналар комитеті – әр сынып ата-аналар арасынан ата-аналар комитетіне қатыса алатын басшысын сайлайды. Олар ата-аналарды мазалайтын сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігімен байланыста болады;
4.4.Жеке кездесу – әрқашан қолдауға ие; ата-аналар пән мұғалімдерімен сынып жетекшісі арқылы жеке кездесіп, оқушы туралы толық ақпарат (үлгерімі, тәртібі, болашақтағы жоспары) ала алады. Сынып жетекші кездесу туралы, оқу процесіне зияны тимейтіндей етіп, алдын ала пән мұғалімдеріне ескерту қажет.
4.5.Оқу-тәрбие тарапынан мәселелер туындаған жағдайда ата-аналар мына ретпен байланысып, мәселені шешуі тиіс.
1. Сынып жетекшімен
2. Сынып жетекші шеше алмаған жағдайда директордың оқу немесе тәрбие ісінің орынбасарымен
3. Директордың орынбасарлары шеше алмаған жағдайда мектеп директорымен шешуі тиіс
V. АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:
5.1. Баланы сабақтан себепсіз және сынып жетекшіге (сынып жетекшіге хабарласа алмаған жағдайда мектеп әкімшілігіне ) ескертпестен қалдыруға;
5.2. Баланың қауіпсіздігі үшін мектепке кез келген уақытта баса-көктеп кіруге болмайды. Аса қажет жағдайда вахтада отырған вахтермен немесе алдын ала сынып жетекшіге, мектеп әкімшілігіне хабарласып, кездесу жайында келісу қажет. Ата-ана келіскен тұлғаға төменде күтіп алуын сұрайды. Сабаққа кедергі келтірмеуі қажет;
5.3. Ата-аналар (заңды қамқоршылар) баланың тәрбиесіне жалпыға бірдей білім беретін мекемеде білім алуына мүмкіндік жасауға;
5.4. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес бала тәрбиесіндегі міндеттерді орындамаған жағдайда және баласына қатысты заң бұзушылық  әрекет жасаған жағдайда ата-ана әкімшілік, құқықбұзушылықпен  күрес қызметкерлерінің алдында жауап беруге міндетті;
5.5. Ата-анасы немесе заңды қамқоршысы 14 жасқа толмаған балаға жасалған заң бұзушылық пен зорлық-зомбылық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
6.3. Қамқоршылығына алған баланың тәрбиесіне көңіл аудармаса, назардан тыс қамқорлықсыз қалдырса немесе басқа да жеке өз мансабы үшін пайдаланған жағдайда қамқоршысы заң алдында жауап беруге міндетті;
6.4.Мектепке қатысты, жеке адамға зиянын тигізетін тексерілмеген, жалған ақпаратты таратуға болмайды;
6.5. Осы атаулы кодекстегі ереже бұзылса, ата-аналар тарапынан қаралады. Қамқоршылық кеңестің отырысында, қажет болған жағдайда, құқық қорғаушы өкілінің қатысуымен қаралады.