Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық- денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәруменге бай болуы қажет. Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, дұрыс тамақтана білуді үйрету мақсатында мектебімізде 11-22 сәуір аралығында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында онкүндік жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. 11-13 сәуір аралығында "Дәруменге толы асхана" атты буклеттер жасалып "Салауатты тамақтану тарелкасы" атты үнпарақтар жасалып, оқушыларға таныстырылды. Сонымен қатар, сыныптардан "Ас - адамның арқауы" атты диктантар алынды.









