Жыл сайынғы жұмыс жоспарына сай 2023 жылдың 10 сәуір күні 3-11 сынып білім алушылары арасында Абай оқулары байқауы өтті.
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтің мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу мақсатында өткізілді.
Байқау 5 кезеңнен тұрды:
1. "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп айту
2. Абайдың қарасөздерін жатқа айту
3. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" өз шығармашылығы бойынша; өлең шығару керек
4. Ұлылар әлемі ( эссе жұмысын жазу )
5. Көңілім әнді ұғады ақын өлеңдерін жатқа айту( Ән айту 🎤)
Сайыс қорытындысы бойынша І,ІІ,ІІ орын және жекелей «Үздік ізденімпаз», «Көркем сөз оқудың шебері», «Қара сөз оқудың шебері», «Көркем сөз шебері» номинациялары бойынша үздік деп танылған оқушылар марапатталып,қалалық кезеңге жолдама алды.








