Мектебімізде “Отбасы күні” мерекесіне орай 5 - 7 сыныптар аралығында ата - аналар арасында “Толағай” спорттық сайысы өткізілді. Сайыстың көздеген мақсаты: отбасының бірлігін нығайтып, атаулы мерекеде отбасыларға көңіл-күй сыйлау болды. Сайыста зеректігімен алға шығып 1 - орынды “Қалдығара отбасы” иеленсе, 2 - орынды “Сәлімғазы отбасы”, 3 - орынды “Айтуған отбасы” қанжығаларына байлады. Сайыс соңында жеңімпаздар жарияланып, сыйлықтар табысталды.








