01.11.2023 күні мектебімізде музыка пәні мұғалімі Смагулова Алтынай Таутанқызы мен аға тәлімгер Сәбитбек Ақбілек Қуандыққызының және мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен 1 - 11 сыныптар аралығында “Екі жұлдыз” патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқау шарты бойынша оқушылар сынып жетекшімен, ата - аналарымен ән шырқады. Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, оқушылардың әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата - ана, оқушы, мұғалім арасында тығыз байланыс орнату. Байқау соңында әділ қазылардың шешімімен қатысушыларға тиісті марапаттар мен сый - сыяпаттар табысталды.








