Мектебімізде "Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы" өз жұмысын бастауда. Орталықта ата - аналар қауымын, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлер біріктірілді. Мақсаты: Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата - аналарымен қарым қатынасын күшейту. Сондай - ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара қарым - қатынасты арттыру. Іс - шара жоспары аясында мектеп педагог - психологы Сауле Кеңесбайқызы "Ата - аналарды педагогикалық қолдау" баяндамасын оқыды. Мектеп әлеумет - педагогы "Қатігездік және зорлық зомбылықсыз балалық шақ" баяндама оқылды. Ата - аналармен мектеп психологы Сауле Кеңесбайқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Рысбайқызы, музыка пәні мұғалімі Алтынай Таутанқызы тренинг жаттығуларын жүргізді. Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы жанынан "Даналық мектебі" де өз жұмысын бастауда. Мұның аясында "Аталар өсиеті", "Әже даналығы", "Аға қамқорлығы", "Жеңгелер кеңесі" іс - шаралар өткізіледі.