22.12.2023 күні Отбасы үйірмесінің жетекшісі А.Смагулованың ұйымдастыруымен 4 сынып оқушыларымен “Әжемнің ертегісі” тақырыбында іс - шара өткізілді. Оқушыларымыздың әжелері іс - шараға қатынасып, ертегі айтып, бата беріп атсалысты. Іс - шара мақсаты: Оқушыларға ертегі әлемі, ертегілердің түрлері туралы түсінік беру. Ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, ертегі тыңдауға, айта білуге үйрету. Әженің ертегісі арқылы ертегіге деген қызығушылықтарын, ой - қиялдарын дамыту. Ертегілер арқылы мейірімділікке, жақсылыққа тәрбиелеу.