Мектебімізде «Отбасы» үйірмесінің жетекшісі А.Таутанқызының ұйымдастыруымен 3 - 4 сынып аралығында «Спорт денсаулық кепілі» тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. Сайыс мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата - аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата - аналармен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру.