Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы. 1 маусым балаларды қорғау күні қарсаңында мектебімізде оқушылардың қатынасуымен іс - шара ұйымдастырылды. Іс - шара мектеп басшысы Н.Ахатұлының балаларды құттықтауымен бастау алып, оқушыларымыздың өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би билеуімен, түрлі ойындармен, спорттық сайыстармен жалғасын тапты. Оқушыларымызға мереке қарсаңында қуаныш сыйлау мақсатында іс - шарамызға аниматорларда атсалысты. Оқушыларымыз белсене қатынасып, тиісті мадақтамалармен марапатталды.








