«Мектебімізде 9 сынып оқушыларымен "Зорлық - зомбылыққа қарсымыз!" тақырыбында мектеп психологы тренинг өткізді. Мақсаты: балалардың Адам құқықтары туралы білімдерін кеңейту, өздерін қорғай білуге үйрету. Тренинг барысында топқа бөлініп жұмыс жүргізілді, тақырып аясында постер, жағдаяттар шешілді, қорытынды бөлімінде оқушылар өз ойларын ортаға салды, пікірлерімен бөлісті.»