«2025 жылдың 19 маусым күні мектепті үздік аттестатқа аяқтап отырған түлектеріміз Зилгара Айша Азаматқызы мен Елеубай Аружан Дарханқызы қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлының қабылдауында болып, Өзбекәлі Жәнібековтің “Мәдени майран” кітабын қала әкімі сыйға тартты. Талантты түлектерге Өзбекәлі Жәнібековтің еліміздің, Торғай өңірінің мәдениетін дамытуға өлшеусіз үлес қосқанын айтып, сол кісінің кітабын оқып, аталарыңдай елге қызмет ететін тұлға болыңдар деп тілегін жеткізді. Қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлы және қалалық білім бөлімінің басшысы Мәметеков Исламбек Жеңісұлы оқушыларға сәттілік тіледі. Ата-ананың, алтын ұя мектептің, елдің мақтанышы болыңдар! Сәттілік тілейміз!»