Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
Педагогикалық кеңеске «Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекттік мекемесінің бас маманы Игисинова Айман Шаймерденқызы қатысты.
Педагогикалық кеңес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі (15.08.2025) және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелер туралы бейнеролик көрсетіліммен басталды.
Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:
І. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі
бағыттары туралы.
- Педагогтарды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің әдістемелік-нұсқаулық хаты, жаңа нормативтік актілер мен бағдарламаларды таныстыру.
- «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы
ІІ. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы
- 2024-2025 оқу жылынlа атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарына талдау, 2025-2026 оқу жылының мақсаты мен міндеттері, оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын бекіту туралы.
- Жаңа оқу жылының типтік оқу жоспарын, мұғалімдердің апталық жүктемесін, таңдау курстарын бекіту.
ІІІ. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту,тегін тамақтанатын оқушылар тізімін бекіту туралы
ІV. Мектептің ұйымдастырушылық –шаруашылық қызметі туралы
✨ Жаңа оқу жылы табысты, нәтижелі болсын!








