2025 жылдың 31 қазан күні Күзгі демалыс уақытын оқушылардың тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында 2 - сынып оқушылары Арқалық қалалық кітапханасына саяхат жасады.

Саяхат барысында оқушылар кітапхананың құрылымымен, кітап қорымен және кітап оқу мәдениетімен танысты. Кітапханашылар балаларға түрлі қызықты мәліметтер мен әдеби ойындар ұйымдастырды.

Бұл іс - шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік берді.