“Интернет - менің сенімді досым” атты ата-аналар мен оқушыларға арналған танымдық жиналыс өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты - интернеттің пайдасы мен қауіпсіз қолдану жолдарын түсіндіру, цифрлық сауаттылықты арттыру болды.Алдымен мұғалімдер интернеттің күнделікті өмірдегі рөлі, білім алуға тигізетін оң әсері туралы айтып өтті. Оқушылар онлайн сабақтар, ақпарат іздеу, түрлі танымдық платформаларды пайдалану тәжірибелерімен бөлісті.
Ата-аналарға балалардың интернеттегі уақытын дұрыс реттеу, қауіпсіздік параметрлерін орнату, желідегі зиянды мазмұндардан қорғау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар кибербуллинг, жеке ақпаратты құпия сақтау, жауапты цифрлық мәдениет қалыптастыру туралы кеңестер берілді.Жиналыс соңында ата-аналар мен оқушылар сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді. Шара өз мақсатына жетіп, қатысушылар интернетті тиімді әрі қауіпсіз пайдаланудың маңызын жақсы түсінді









