Жаңалықтар бөліміне:
01.09.2021
1-қыркүйек білім күнінде алғашқы сынып сағаттары 2-11сыныптар аралығында
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап өткізілді. Өткізу мақсатымыз Еліміздің Тәуелсіздік
алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету.

 

18.09.2021
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев және ҚазақстанХалқы Ассамблеясының төрағасы
Қ.К.Тоқаевтың тапсырысы бойынша мәдениетаралық принципті және қазақстандық
патриотизм қозғалысын орындау мақсатында мектебімізде 7-11сыныптар арасында "Білім
көзі - кітапта" атты буктрейлер байқауы өткізілді. Байқауда 9«Б» сыныбының дайындаған
Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты шығармасына жасалған буктейлері үздік деп
танылды.
 
 
 
22.09.2021
Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан
жалғасқан салты. Ол - ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Туып өскен өлкеге
еңбегімен елеулі болған азаматтар аз емес. Ендеше, мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің
30 жылдығына және «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» тақырыбы аясында
ұйымдастырылған «Туған жерге тағзым» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге
Жасөспірімдер театрында 45 жыл еңбегін сіңірген, қаламыздың көркеюіне үлес қосқан ҚР
Мәдениет қайраткері Молдашев Бөлтірік Молдашұлымен 9-сынып оқушылары кездесті.
Мақсаты:
Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта
білу болып табылады.
 
 
27.10.2021
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдык мерейтойына орай өткізілген "Ыбырай салған сара
жол" тақырыбында қалалық жас ақындар сайысында жулделі I орынды мектебіміздің 6
«Б» сынып оқушысы Рагатов Нұрислам Талапулы иеленді.
 
 
30.10.2021
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай өткізілген "Ыбырай
оқулары" облыстық сайысында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сәлімжан Асылхан Рамазанұлы жүлделі І орынды иеленді.

 

 

27.11.2021
27-қараша күні «Үндестік жобасы» аясында ата-аналарға ашық есік күні өткізілді. Ата-
ана, оқушы, ұстаз біріккен бұл күні жоспар бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді.
Бастауыш сыныптар "Өнегелі жұлдыз " тақырыбында ата-анамен бірге концерт
қойды.«Әділет» құқық клубы "Ата-ана сөзі- тәрбие көзі" атты тренинг өткізсе,«Болашақ»
дебат клубы "Бала- біздің болашағымыз " пікірталасын өткізді.«Өлкетану» үйірмесінің
жетекшісі ата-аналарға Б. Майлин мұражайын таныстырды. Залда «Адал ұрпақ»
клубының Адалдық дүкені және "Қолөнер-сырлы өнер" көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар психолог Е. Баужанова «Жақсы бала - ата-ана қуанышы» тақырыбында
тренинг өткізсе,«Таңшолпан» театр үйірмесі "Алдар көсе мен шық бермес, Шығайбай"
ертегісін сахналады.«Отбасылық әңгімелесу» үйірмесі баскетбол жарысын
ұйымдастырды. Соңында 5-сыныптардың ұйымдастырған концертін көріп тамашалады.
Аталған шараларға қатысқан ата-аналар мен оқушылар мақтау қағаздарымен
марапатталды.
 
 
 
02.12.2021
Мектебімізде дәстүрлі түрде откізілген оқушылардың дарындылығын дамытуда ғылыми-
жобалар жұмысы өз мәресіне жетіп, сайысқа қатысқан оқушылар марапатталды.
 
 
 
10.12.2021
Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай мектебімізде "30 игі іс" қайырымдылық
марафоны өткізілді. Акция барысында көп балалы отбасыларға "Біз біргеміз" еріктілер
ұйымы қол ұштарын беріп көмектерін ұсынды. Алдағы уақытта аталған бағыттағы іс
шаралар өз жалғасын табады.
 
 
13.12.2021
Оқушылар шығармалары
 
«Б.Майлин атындағы
№3 жалпы білім беретін
мектебі» КММ
Қали Ерхан Кәдірбайұлы
7 «Б» сынып оқушысы
 
«Тәуелсіздік»
 
Қайрат, Ләззат батырлары елімнің,
Білген олар, қадірін туған жерінің.
Ажалына қарсы тұрған қасқайып,
Құрбан болған азаттығы үшін елінің.
 
Қан төгілді, аналар қара жамылды,
Жазықсыздан, қаншама жас жабылды.
Әділдік іздеп, шарқ ұрған жандарды,
Құтқарды ғой тәуелсіздік ақ таңы,
 
Еркіндікті қадірлейік қастерлап,
Тәуелсіздік келген емес жәймен тек.
Еркіндік сыйлап, ұрпағына мәңгілік,
Есімдері есте тұрар жаңғырып.
 
Өткен екен 30 жыл бұл күнде,
Көк байрағым желбіреді көгімде.
Тәуелсіздік тұғырынан таймасын,
Ата бабам аманаты бұл бізге.
 
«Б.Майлин атындағы
№3 жалпы білім беретін
мектебі» КММ
Кулажанов Мухаммед
7 «Б» сынып оқушысы
 
«Тәуелсіз Қазақстаным»
Тәуелсіз ел Қазақстан өзіңсің,
Елім менің құшақ жайған баршаға.
Еркіндікте өтер деймін шарықтап,
Өмірімнің бар арманы сол ғана.
 
Тәуелсіздік алу үшін бабамыз,
Қанын төкті, жанын қиды жолында.
Теңдік күні оңайымен келмеген,
Болашақ жас біліп жүрсе әман-да.
 
Желтоқсанның соға қалса ызғары,
Естігендей боздақтардың мұң-зары.
Қарға батып, мұзға қатып жандары,
Теңдік үшін, бәрін көріп шыдады.
 
Тәуелсіздік келіп жетті бүгінде,
Бабамыздың арманы ғой аңсаған.
Байрағымыз желбірей бер аспанда,
Кеңдік, теңдік бола берсін қашанда.