Жаңалықтар  бөліміне:

26.01.2022

26-27 қаңтар күндері мектебімізде "Құқықтық сауаттылықты арттыру" мақсатында бастауыш, орта және жоғары сыныптың оқушыларымен құқықтық сынып сағаттары және де мектеп инспекторымен бірлескен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету.

 

29.01.2022
Облыстық "Үндестік жобасы аясында" ата-ана, оқушы, ұстаз арасындағы
ынтымақтастықты нығайту мақсатында "Отбасылық әңгімелесу" үйірмесінің
ұйымдастыруымен "Отбасы-жылулық мен мейірімділік, махаббатттың көрінісі"
тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Балалың
мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп, өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе
қарастыру. Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Отбасы
татулығын нығайтуға ықпал ету.

 

09.02.2022

9-ақпан күні ерекше дарын иесі, өз заманының қайталанбас ақыны, елдің есінде ерекше
есіммен қалған- Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектепішілік «Соғады жүрек»
тақырыбында көркемсөз оқуларынан байқау өткізілді. Оған 5-7 сыныптардан 12 оқушы
қатысты және қатысқан оқушылардың барлығы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Байқауды ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәлімжан Асылхан
Мұқағали Мақатаевқа арнаған өз туындысын оқушыларға нақышына келтіре оқып берді.
Мұқағали атамыздың өлеңдері адамды өзіне шынайылығымен, тазалығымен,өзіндік
ерекше мағынасымен өзіне баурап алып, адамға терең ой салады. Ақынның өлеңдері
болашақ жастардың жүрегінен мәңгі орын алады.
 
 
17.02.2022
Қосымша білім беру мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ертегілер әлемі- сиқырлы
әлем» атты қалалық байқауға мектебіміздің «Таңшолпан» театр үйірмесінің мүшелері
қатысып, жүлделі 1-орынды иеленіп мақтау қағаздарымен марапатталды.
 
 
23.02.2022
Арқалық қаласы білім бөлімінің қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 23-
ақпан күні Республикалық «Армандастар» балалар шығармашылығы фестиваль-
конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Қала және ауыл мектептерінің оқушылары өз
өнерлерін киелі сахнада сомдады. Нәтижесінде біздің мектебіміздің «Таңшолпан» театр
үйірмесінің оқушылары 1-орынға ие болды және де "Үздік әйел рөлі" аталымы бойынша 9
«Б» сынып оқушысы Конысбаева Айшабибі мақтау қағазымен марапатталды.