Бүгін 06.03.2022 мектебімізде «Директор сағаты» өткізілді. Мектеп директоры 5-11 сыныптың үздік, дарынды, өнерлі, талантты оқушыларының аналарымен кездесті. Кездесу барысында ата-аналарға балаларына тәлім-тәрбие берудегі еңбектерінің ұшан теңіз екенін айта келе, білімді, дарынды, саналы ұрпақ тәрбиелгендері үшін Алғыс хатпен марапатталды. Алдағы келе жатқан 8-наурыз Аналар мерекесімен құттықтап, жақсы тілектер айтылды. Ата-аналар алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.