Сәуір айының айының 1-і күні Б.Майлин атындағы білім беретін мектебінде сыныптар бойынша әкелер арасында дойбыдан жарыс өткізілді.
Жарыстың мақсаты ата-аналар арасында тығыз байланыс орнату, салауатты өмір салтын насихаттау, ата-аналарды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту. Аталған шараға барлық сынып әкелер қатысып, жақсы ойын ұйымдастырды. Жарыс қорытындысы бойынша 3»б»сыныбы оқушысы Төлеген Жансұлтаның ағасы Төлеген Ахмет І орын, 3б сынып оқушысы Төлеу Мерейдің әкесі Кужиков Айбек ІІ орынды иеленсе, 3 б сынып оқушысы Адылхан Ақнұр мен Адылхан Ернұрдың әкесіБіркамал Айдос ІІІ орыннан көріне білді. Сонымен қатар ойын барысында шеберліктерін көрсетіп, әділқазылар мен көрермен көңілінен шыға білген ойыншыларға номинациялар берілді.
Жетекшісі: Биекин Арман Қапарович








