2023 жылдың 6 сәуір күні жылдық жоспарға сай 1 - 11 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың өз отан тарихын, өлкесін, қаласын, мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттай отырып, отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу; таңдалған тақырып бойынша зерттеу жүргізу, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту; өз тұжырымдарын жүйелі жеткізе білуге баулу. Байқауға 8 жұмыс ұсынылды. Әр жұмысты қорғау үшін 5-7 минут уақыт берілді. Мектептің тәжірибелі ұстаздары оқу ісі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Кожиков Жанатбек Тургинбекович , физика пәні мұғалімі Мейрамова Гульбану Нояновна , ғылыми –әдістемелік істер жөніндегі директордың орынбасары, биология пәні мұғалімі Балтабаева Индира Қызбелбайқызы қазылық етті. Байқаудан кейін оқушылардың жұмыстары сараланып, жүлдегерлер анықталды. Жобалық сайысқа қатысқан жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берілді, ұсыныстар айтылды. Жақсы деп бағаланған жұмыстар қалалық жобалар сайысына ұсынылды. Олар: 10 «А» сынып оқушысы Қалибекова Дильназ , жетекшісі Мухамбетова Айсулу Какимбековна, 9 «Б» сынып оқушысы Зейнолла Наргиз жетекшісі Муханбетжанова Мадина Сапаргалиевна, 4 «Б» сынып оқушысы Иса Ерасыл жетекшісі Жүзбай Гүлмира Сәндібекқызы.
Шәкірттерімізге жетекшілік етіп, бағыт-бағдар беріп отырған ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Қалалық ғылыми жобалар сайысына қатысушы оқушыларымызға сәттілік тілейміз!








