"Жауапсыздық соңы - қылмыс" тақырыбында А. Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен қалалық кездесу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара оқушылардың арасында түрлі зиянды әдеттердің орын алуына жол бермеу және оқушылардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Іс-шараға қалалық "Ардагерлер кеңесі" төрағасы, Қалалық мешіттің бас имамы және ювеналды полиция тобының аға инспекторы қатысты. Шақырылған қонақтар тарапынан бала тәрбиесі, қоғамдағы түрлі жағымсыз әдет-қылықтар, рухани-адамгершілік тәрбиесі тұрғысынан балаларға келелі кеңестер берілді. Оқушылармен еркін түрде сұрақ-жауап айдарында пікір алмасып, сұрақтарына жауаптар берілді. Оқушыларға бейнероликтар көрсетілді. Іс-шара соңында қатысушы қонақтарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдіріліп, оқушылармен естелік фотоға түсті.
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/zhanaly-tar/111-zhauapsyzdy-so-y-ylmys-ta-yrybynda-a-nanbaev-atynda-y-6-mektep-gimnaziyany-jymdastyruymen-alaly-kezdesu-is-sharasy-tkizildi.html#sigFreeId693d7a7c2b








