2024 жылдың 12 маусым күні 9 сыныптың оқушыларына аттестат табыстауға арналған салтанатты рәсім өткізілді. 9 сыныптарында барлығы 40 оқушы тәмәмдап отыр, соның ішінде қызыл аттестат иегері Иманқұлова Әлия, Нұрбекқызы Нұрайым. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, алғашқы білім туралы құжатты алуларымен құттықтап, жарқын болашақ тіледі. Сонымен қатар ата-аналар қауымы атынан ата-аналар сөз сөйлеп, оқушыларға білім мен тәрбие берген ұстаздары мен мектепке алғыстарының шексіз екендігін білдірді. Аталған оқушылардың кейбірі өмірлік мақсаттарына сай таңдаған оқу орындарына барса, кейбірі мектепте білімдерін жалғастыратын болады. Сынып жетекшісі: Жакупова Асем Маликовна. Құлжанова Айнұр Хамитовна.
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/zhanaly-tar/125-9-synypty-o-ushylaryna-attestat-tabystau.html#sigFreeId10829bba5e








