13 маусым күні “Қосымша білім беру” орталығының жоспарына сәйкес мектебімізде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала мектеп оқушылары арасында қалалық “Құқық” күні іс - шарасы өткізілді. Сайысқа қала мектептерінің 8 сынып оқушыларынан 9 мектептен, 9 қатысушы қатысты. Байқауымыздың әділ - қазы алқасы ретінде “Қосымша білім беру” орталығынан Қабусағит Бекзат Асылбекұлы және мектебіміздің “Күншуақ” мектеп жанындағы лагерінің басшысы Опабекова Айнұр Рысбаевна төрелік етті. Сайысымыздың негізгі мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар 4 кезеңге де белсенділікпен қатысып шықты. “Қайталап салып бер” кезеңі оқушылар үшін тартысты өтті. Нәтижесінде жүлделі 3 орынды №6 мектеп гимназиясы, 2 орынды №4 ЖББ мектеп, 1 орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназия иеленді. Белсенділік танытқан барлық қатысушылар мадақтамалармен марапатталды. Өткізген: “Әділет” клубының жетекшісі: Сейдахметова Алтынай Сейтбековна.
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/zhanaly-tar/126-osymsha-bilim-beru.html#sigFreeIdc6c8ea4ec4








