«2025 жылдың 02 маусым күні балалардың демалысын тиімді өткізу мақсатында мектеп жанындағы “Күншуақ” лагерінің І ауысым ашылу салтанаты өтті. Балалардың жазғы демалыс уақытында үш ауысым бойынша “Жазғы алаң” жобасы бойынша балалармен тренинг жаттығулары жүргізілді. Мақсаты: балалар бір-бірінің эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту, әлемге деген  сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоциясын бақылау дағдыларын қалыптастыру. Бұл жаттығулар баланың күйзеліс ойлардан арылып қана қоймай,  эмоцияларын басқарудың тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. Әр жаттығудан кейін кері байланыс жасай отырып, балалармен бірге талданды.

“Күншуақ” мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің оқушылары қалалық мұражайға барып, қызықты саяхат жасап қайтты. Балалар тарихи жәдігерлермен танысып, әр дәуірдің құнды экспонаттарын тамашалады. Мұражай қызметкерлері оқушыларға арнайы экскурсия жүргізіп, өлкенің тарихы мен мәдени мұрасы жайлы қызықты деректер айтты. Саяхат соңында лагерь тәрбиеленушілері алған әсерлерімен бөлісіп, болашақта мұражайға қайта келуге ниет білдірді.

Қауіпсіз интернет бағыты бойынша мектеп жанындағы жазғы лагерьде балаларға “Қолыңнан келсе, мені алдап көр” атты қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар алаяқтықтың түрлі тәсілдерімен, интернет пен телефон арқылы жасалатын қаржылық қылмыстардан сақтанудың жолдарымен танысты. Көрсетілімнен кейін балаларға сұрақ-жауап түрінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік ережелері бойынша шағын тапсырмалар орындатылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Табиғатты аялау және шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында лагерьде “Өсімдіктер әлемінде” тақырыбында іс-шара өтті. Балалар даладағы гүлдер мен жапырақтарды жинап, сол табиғи материалдардан түрлі суреттер мен композициялар жасады. Бұл жұмыс олардың қиялы мен ұқыптылығын дамытып, өсімдіктер әлеміне деген қызығушылығын арттырды. Шара балалар үшін ерекше әрі танымды күн болды.

Қостанай облысы әкімдігі кәмелетке толмағандар арасындағы жол-көлік жарақаттануының алдын алу, кәмелетке толмағандардың деструктивті мінез-құлқының алды алу мақсатында кездесу өткізілді. 

Арман Жылкелдіұлы балаларды жолда жүру ережелерімен таныстырып, мектеп жанындағы жол-көлік белгілері жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.