Шара барысында оқушыларға Қазақстанның тарихы, табиғаты, ұлттық құндылықтары мен жетістіктері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Балалар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдары, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер арқылы жеткізді. Ел рәміздерінің мән-маңызы түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар өз туған өлкесі туралы ой бөлісіп, еліміздің болашағына қатысты арман-тілектерін ортаға салды. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, елжандылық рухта тәрбиелеу.