2025 жылдың 9 қыркүйек күні Арқалық станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері – старшина Жалелов Е.А. және кіші сержант Шөптібаев жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, «Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында темір жол маңында жүру ережелері, қауіпсіздік талаптары мен оларды бұзудың салдары жайлы айтылды. Полиция қызметкерлері балаларға темір жолда абай болу, рұқсат етілмеген жерден өтпеу, құлаққаппен немесе телефонға алаңдап жүрмеу туралы нақты мысалдармен түсіндіріп берді. Сонымен қатар, оқушыларға бейнематериал көрсетіліп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу ұйымдастырылды.