Оқушылардың қаржылық мәдениетін арттыру, болашақ өміріне қажетті білім мен дағдылар қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 22 қыркүйек күні мектебімізде 8-9 сынып оқушыларына арнап арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге банк саласының маманы Сагдиев Ислам Салимжанұлы келіп, қаржы әлемінің қыр-сыры туралы кеңінен әңгімелеп берді. Ол оқушыларға қаражатты дұрыс басқару, жинақтаудың тиімді жолдары, банк қызметтерін сауатты пайдалану, несие мен депозиттің ерекшеліктері жайлы құнды ақпараттар ұсынып, нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Сондай-ақ қаржылық сауаттылықтың әрбір адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу оқушыларға пайдалы тәжірибе беріп қана қоймай, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, маманнан толыққанды жауап алды.»
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/zhanaly-tar/156-arzhyly-sauattyly-a-ba-yttal-an-kezdesu.html#sigFreeIdd1f1f88483








