«25 жылдың 21 қазан күні Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінде «Оқу процесіндегі жасанды интеллект құралдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қалалық семинары өтті.
Семинардың мақсаты: білім беру процесінде жасанды интеллектіні пайдалануда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Арқалық қаласы білім бөлімінің басшысы Есламбек Жеңісұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру жүйесінде жасанды интеллекттің (ЖИ) маңызына ерекше тоқталды.
Жасанды интеллект - мұғалімнің орнын басатын құрал емес, керісінше, оның кәсіби қызметін жеңілдетіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беретін көмекші технология. Бүгінгі күннің басты мақсаты - осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүмкіндік екені айтылды.
Семинар барысында педагогтер ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар өткізді.
Семинар соңында қорытынды сөзді мектеп директоры Нұрдәулет Ахатұлы мен Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері Жулдызай Мураталиевна сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Осындай семинарлар мұғалімдердің кәсіби дамуына, жаңа технологияларды меңгеруіне және тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік беретіндігі айтылды.»








