Күзгі демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында мектеп оқушылары "Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихи облыстық мұражайы" КММ - ге саяхат жасады. Бұл сапар барысында оқушылар "Міржақып Дулатұлы - Алаш рухының шамшырағы" атты арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Саяхат кезінде оқушылар алаш арысы, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы, ел тәуелсіздігі жолындағы күресі жайлы тың мағлұматтар алды. Мұражай қызметкерлері оқушыларға құнды жәдігерлер мен тарихи құжаттарды таныстырып, қызықты деректермен бөлісті.
View the embedded image gallery online at:
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/zhanaly-tar/162-mirzha-yp-dulat-ly-alash-rukhyny-shamshyra-y.html#sigFreeIdb37472cbb0
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/zhanaly-tar/162-mirzha-yp-dulat-ly-alash-rukhyny-shamshyra-y.html#sigFreeIdb37472cbb0








