2025 жылғы 6 қараша күні кәсіби бағдар беру маманы Қуандық Бибігүл Ғапарғалиқызының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің ережелері мен талаптарын түсіндіру мақсатында арнайы кездесу өткізілді. Ұлттық тестілеу орталығының Арқалық қаласындағы филиалының басшысы Ескабылов Еркебулан Жумабекович қатысып, оқушыларға маңызды ақпараттар ұсынды.
Сонымен қатар кездесу барысында алдағы сынаққа психологиялық және академиялық тұрғыда дайындалуына, тестілеудің құрылымы, пәндер комбинациясы, шекті балл, апелляция тәртібі және тіркелу кезеңдері туралы толық мағлұмат берілді. Сондай-ақ, психологиялық дайындық пен уақытты тиімді пайдалану бойынша кеңестер айтылды.Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі толық жауаптар алды. Бұл кездесу түлектердің ҰБТ-ге сенімді дайындалуына және дұрыс бағыт бағдар алуына сенімдіміз.
https://b-mailin3-ark.edu.kz/kz/zhanaly-tar/168-2025-zhyl-y-6-arasha-k-ni-k-sibi-ba-dar-beru-mamany-uandy-bibig-l-apar-ali-yzyny-jymdastyruymen.html#sigFreeIdb8d62ffd88








