Б.Майлин атындағы 3 жалпы білім беретін мектебінде " Бар әлем біз - үшін!" тақырыбында 11-15 сәуір күндері аралығында психологиялық апталық өткізілуде. Мақсаты: психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру,оқушылардың шығармашылығын,белсенділігін арттыру. 11- сәуір күні апталықтың ашылу салтанатында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды, оқушылар белсенді түрде өз ойларын ортаға салды.  Баланың шапшаңдығын, зейінін қалыптастыру мақсатында " Аяқ- қол" би терапиясы және флешмоб өткізілді. Соңында 4 сынып оқушысы Жұбаныш Рахман "Мен қазақпын" өлеңімен өнер көрсетті.